Қазақ мақал - мәтелдерінің гендерлік сипаты - Дінтану, Қазақ әдебиеті, Өнер, Мәдениеттану, Әлеуметтану - Тегін қазақша курстық жұмыстар - MercurSchool.kz - скачать реферат бесплатно
 
Меню сайта
Категории раздела
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина
Бухгалтерлік есеп және аудит, бюджеттік есеп, басқарушылық есеп
География, Геология, Экономикалық география, Геодезия
Ғылыми жұмыс / Научная работа
Дінтану, Қазақ әдебиеті, Өнер, Мәдениеттану, Әлеуметтану
Информатика, Математика, Геометрия
Кәсіпорын экономикасы, кәсіпорын қаржысы, экономикалық талдау, қаржылық менеджмент
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
Қазақстан тарихы, Дүние тарихы
Қоршаған ортаны қорғау, Экология
Құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, заңтану, Криминалистика
Өнеркәсіп, Өндіріс, Мұнай
Менеджмент, маркетинг, стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік басқару
Спорт
Стандартизация, Сертификция
Тіл ғылымы, Филология
Педагогика, Психология
Халықаралық қатынастар
Химия
Физика, Астрономия
Экономика, Қаржы, Банктік іс, Бухгалтерлік іс, Салық
Басқа да пәндер (журналистика, ауыл шаруашылығы, агротехнология, мұнай-газ, дизайн, спорт, музыка)
Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0
Тегін қазақша курстық жұмыстар
Главная » Файлы » Дінтану, Қазақ әдебиеті, Өнер, Мәдениеттану, Әлеуметтану

Қазақ мақал - мәтелдерінің гендерлік сипаты
01.03.2011, 13:24
Қазақ мақал - мәтелдерінің гендерлік сипаты [4 бет]

Қазақ халқы рухани дүниеге, қазынаға бай халық. Оның қай түрін алсақ та, тәлім-тәрбиесі мол, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған өcиеті ерекше. Сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, екшеленіп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі – қазақтың мақал-мәтелдері.
Мақал-мәтелдер туралы сөз болғанда, не оларды зерделеп оқығанда, алдымен сол мақал кімге, қай қырын тануға арналғандығын аңғарамыз. Яғни әйел адамға ма, әлде ер адамға ма? Міне, осыдан келіп мақал-мәтелдегі гендер мәселесі туындайды.
Ғалым Маханова гендер дегеніміз не? деген сұраққа мынадай жауап айтады: «Гендер ұғымы жыныстың әлеуметтік құрылымы деген мағынаны береді. Гендер қоғамның әйел және еркекке бөлінуінің өзі әлеуметтік өмірдің, жемісі екенін көрсетеді. Сонымен қатар, гендер дегеніміз – жеке адамның белгілі бір шектердегі мінез-құлқын белгілейтін және шектейтін әлеуметтік ұстындардың жиынтығы»,- деп гендерді әлеуметтік тұрғыдан қарастырады. [1;65]
Гендер қоғамда дүниеге келіп, ұлттық тілдік тұлғаға әсер ететін әлеуметтік, психологиялық және мәдени процесстердің жиынтығы. Мұндай процессер келіп тіл білімінде гендерлік лингвистиканы тудырды. Бұл фактор қазақ ауыз әдебиеті, соның ішінде мақал-мәтелдер бойынан жақсы көрініс тапқан. Қай мақалды алсақ та ол ер не әйел адамның жас ерекшеліктеріне, мінез-құлқына және іс-әрекеттеріне байланысты келеді. Мысалы:
Алты ұл тапқан әйелді ханым десе болмас па,
Аға деген жігітті жаным десе болмас па!
Бірінші жолда, әйел затының алғашқы міндеті дүниеге ұрпақ әкелу, десек те бірнеше баланы бағу, қатарға қосу оңай іс емес, сондықтан сәбиді дүниеге әкелген әйелге жылы сөздің қайсысы да лайық екендігін меңзейді. Ал үлкенді сыйлаған аға деп, кішіпейілділік танытқан ер азаматқа кім жетсін?
Алдымен, мақал-мәтелдердегі әйел бейнесінің гендерлік ерекшелігіне тоқталсам, әйел барлық адамзат түсінігінде тіршілік жаңартушы, өмірге адам әкелуші, жылулық пен мейірімділіктің, берекенің бастауы. Әйел атауына түсіндірме сөздік те, бірінші – адам баласының ұрғашы жыныстылары, екінші – жұбай, қосақ деген анықтама берілген. [2;592]. Сонымен қатар әйел атауымен байланысты тіл бірліктерін сәби, қыз бала, бойжеткен, келіншек, келін, жұбай, зайып, жар, қосақ, шеше, ана, әже, кемпір деп өз ішінен жасына қарай бөлуге болады.
Енді осы бөліністердегі қыз бейнесінен бастасақ. Қыз – нәзік те қайратты, алғыр, салмақты да ширақ, төзімді жан. «Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деген қанатты сөздің өзі қыз бала тәрбиесі тұтас ұлтқа әсерін тигізетінін айтады. «Қызға қырық үйден тию» деген мақалдың астарында қыз абыройы, өскен ортасының абыройы деген мән жатыр. Ал «баланың ұяты - әкеге, қыздың ұяты - шешеге» деген

Категория: Дінтану, Қазақ әдебиеті, Өнер, Мәдениеттану, Әлеуметтану | Добавил: Admin
Просмотров: 477 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск рефератов
Интересное
 
 
Copyright Меркурскул © 2010-2014
Создать сайт бесплатно