Меню

Қазақстан Республикасында туризмдi дамыту

08.12.2016
879
0
Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Мемлекеттiк бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпiлiс жасау қарсаңында" атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жалпыұлттық жоспарына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарына (екiншi кезең) сәйкес әзiрлендi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1445 қаулысымен бекiтiлген Туризм саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру кезеңiнде халықаралық туристiк байланыстар бiршама кеңейдi, туристiк саланың заңнамалық және нормативтiк құқықтық базасы жетiлдiрiлдi. Бұл ретте туристiк саланы дамыту жөнiндегi шараларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 шiлдедегi N 712-1 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының негiзгi өлшемдерiн есепке ала отырып iске асыруға басты назар аударылды.
Жетi кластерлiк бастаманың iшiнде туристiк индустрияның экономиканың басым секторларының бiрi ретiнде танылуы оны дамытуға жаңа серпiн бердi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң туризм саласындағы белгiлеген барынша маңызды мiндеттерiнiң бiрi - Қазақстанды орталық азиялық өңiрдегi туризм орталығына айналдыру.
Мемлекеттiк бағдарлама республикада қазiргi заманғы тиiмдiлiгi жоғары және бәсекеге қабiлеттi туристiк индустрия құруға және экономиканың сабақтас секторларын дамытуды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Ол туризмдi дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаттың стратегиясын, негiзгi бағыттарын, басымдықтарын, мiндеттерi мен iске асыру тетiктерiн айқындайды және туризм инфрақұрылымын дамытуды, осы саланы мемлекеттiк реттеу мен қолдаудың тиiмдi тетiгiн құрудың, туристiк әлеуеттi арттырудың, елдiң тартымды туристiк имиджiн, рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар қалыптастырудың негiзгi аспектiлерiн қамтиды.
Қазақстан Республикасының теңдесi жоқ табиғи және мәдени әлеуетiне негiзделген қазiргi заманғы туристiк индустрия туризмнiң туристiк қызмет көрсетулердiң халықаралық саудасы жүйесiне оралымды кiрiгуiнiң табиғи жүйе жасаушы факторы, неғұрлым серпiндi дамушы және өзiнiң капитал сыйымдылығына қарамастан, салынған капиталға қайтарымы жөнiнен тиiмдi салалардың бiрi болып табылады.
Рейтинг: 3.8/4
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
Наш опрос
Вы расскажете о нашем сайте своим знакомым?
Всего ответов: 1009
Статистика

Онлайн всего: 8
Гостей: 5
Пользователей: 3
PedarEn, mapedtug, ArokkhZilt