Меню

Қазақстан Ресупубликасындағы туризмнің дамуына жалпы сипаттама

05.12.2016
2339
0
Бүгiнгi күнi бiздiң мемлекетте туризмнiң дамуы 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы заңымен, 1997 жылғы 30 сәуiрдегi №3476 Түркi тiлдес мемлекет басшыларының Ташкент декларациясын, ЮНЕСКО және ҚР Ұлы Жiбек жолындағы туризм инфрақұрылымын дамыту бойынша БТҰ жобаларын орындау туралы ҚР Президентiнiң жарлығымен және 1998 жылғы 27 ақпандағы Туризм инфрақұрылымын құру, түркi тiлдес мемлекеттердiң мәдени мұрасын дамыту және сақтау, Ұлы Жiбек жолындағы тарихи орталықтарды жаңғырту туралы ҚР мемлекеттiк бағдарламасымен реттеледi. Сонымен қатар, мәдени ережелерiн және визалық құжаттарды хаттау, туристiк iс-әрекеттi лицензиялау ережесiн регламенттейтiн, бiрқатар заңдармен жүзеге асырылады. Барлық заң актiлерiн қабылдау Қазақстандық туристiк нарығын дамытуда өз үлесін қосуда..
Туризм сферасындағы бүкiләлемдiк қатынасты дамыту қадамдарының бiрi, Қазақстанның 1993 жылғы Бүкiләлемдiк Туристiк Ұйымға (БТҰ) нақты мүше ретiнде кiруi, туризм облысындағы ынтымақтастық туралы халықаралық келiсiмдi бекiтуi. Шетел мемлекеттерiнiң Үкiметiмен Қазақстан бай туристiк потенциалға иелiк етушi, тиiмдi серiктес ретiнде танылды.
ҚР стастистика агенттiгiнiң мәлiметтерi бойынша 2007 жылы елде 1007 - туристiк ұйым қалыптасқан. Қазақстандық кәсiпорындармен 80 елдiң туристiк фирмаларымен келiсiмдiк қатынас бекiтiлген. 40 – алматылық және 13 – облыстық турфирмалар, 8 – мемлекетке чартерлiк әуе қатынасын жүзеге асырады.
Алматы, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының, сонымен қатар Алматы және Астана қалаларының туристiк фирмалар жүйесi анағұрлым дамыған. Осы облыстың және қалалардың туристiк ұйымдармен жыл сайын экскурсанттар мен туристердiң 88 % қызмет көрсетiледi.
Статистикалық және әкімшіліктік деректердің зерттеулері бойынша туристік қызмет 2007 жылы республикаға келушілердің есебінен 2006 жылы 16 пайызға өскені. Туристік индустрияның дамуы бойынша туризмнің барлық түрі кіру туризмі 12,8%, шығу туризмі 38,5%, ішкі туризм 12,5% өсті. Туристік қызмет бойынша көрсетілген қызмет 59,3% өсіп, 53863,0 млн. тенгені құрады. 2006 жылмен салыстырғанда сатылған жолдама 1,9 есеге өсіп, бюджетке 13890,7 млн, тенгені түсірді (Кесте 1).

2007 жылы 1007 туристтік фирма и 51 жеке кәсіпкерлік туристік іс-әрекет жасап, 567,0 мың келушілерді қабылдады. Бұл көрсеткіш 2006 жылмен салыстырғанда 105% деңгейіне жетті. Қазіргі таңда қызмет атқаратын туристік фирмалар саны: Алматы қ. (587), Астанада (57), Қарағанды қ. (54), Павлодар қ. (48) және Алматы облыстарында (47) құрайды.
Жалпы алғанда Қазақстандағы туристік фирмалар туристерді қабылдау қызметінен гөрі оларды шет елдерге шығаруды көбірек жүзеге асырады. Негізінен туристерді шет елге шығарғаннан гөрі (“Жаңа – Арқа”, “Гульнар – тур” фирмалары), халықаралық туристерді қабылдау анағұрлым тиімді болар еді.
Қазақстанда туристік қызметпен 2003 жылы 691 туристік ұйым айналысқан. Бұл ұйымдар 177091 туристке қызмет көрсеткен.
Жалпы көлемдегі көрсетілген қызметтің көрсетілу барысында сыртқы, ішкі, шығу және кіру туризмінің үлесінің өсуіне қол жеткізілді. Қазақстандағы қонақ үй бизнесі одан әрі дамытуды талап етеді. Сондай- ақ ойын – сауық индустриясы, демалысты ұйымдастыру, сервистік деңгей, бағалардың қызмет сапасына сәйкестігі дұрыс жолға қойылуы тиіс.
Туризм саласының дамуы, елде салыстырмалы түрде жақын арада басталды. Бiрақ жылдан жылға бұған көбiрек мән берiлуде. Саланың дамуын жақсы функционирлеу, қолдау көрсететiн iс-шараларсыз мүмкiн емес, соның iшiнде үкiмет жағынан, яғни дамыған сала мемлекетке үлкен пайда әкелуi мүмкiн.
Шетелдік туристік ұйымдардың өркендеп өсуінің бірден бір көзі олардың көрсететін қызметтерінің сан алуандығы мен сапасы болып табылады, ал Қазақстанда бүгінгі таңда барлық қажетті атрибуттары бар толыққанды біртұтас туризм жүйесі әлі жоқ. Туристік ұйымдардың көбісінде әлі қызмет көрсетудің жарнама, сату қызметі, көлік, орналастыру, тамақтандыру, сынды компоненттер жолға қойылмаған. Осы айтылғанның барлығы әлі де болса даму сатысында ғана (Кесте 2).

2007 жылы ішкі туризмді дамытуда ең көп үлесті Алматы қаласы алады, мұнда келген адам 55819 адамды құрайды. Алматының әсем табиғаты мен қолайлы ауа-райы жылдың қай мезгілі болса да ішкі туризмді дамытуға қолайлы, туристерге ыңғайлы болып келеді. Мұнда туристердің қыдыратын жерлері де демалатын жерлері де көп болғандықтан, көбінесе туристер Алматы қаласына баруды қалайды.Екінші Маңғыстау облысы (42647), мұнда іскерлік туризмге байланысты шетелден қонақтар мен инвесторлар сапарға шығады. Сонымен қатар, Ақтау қаласындағы Каспиий теңізіне демалушылар да көп. Болашақта ішкі туризмді дамыту мақсатында Ақтау-Сити қалашығы орын алып, туризмнің лорталығына айналмақшы. Ол кезде туристер саны 5 есеге көбейеді деп болжануда. Үшінші кезекте Шығыс-Қазақстан облысы (33321), мұнда табиғат көріністерін тамашалауға және Қатон-Қарағай қорығына арнауы сапар шегушілер саны күннен-күнге көбеюде (Кесте 3).
Рейтинг: 3.2/6
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
Наш опрос
Вы расскажете о нашем сайте своим знакомым?
Всего ответов: 1002
Статистика

Онлайн всего: 7
Гостей: 4
Пользователей: 3
uapedtug, Gabrielvieno, tapedtug