Меню

«Әбілғазы тілдік тұлғасының лингвокогнитивтік және прагматикалық деңгейлері»

08.12.2016
516
0
Әбілғазы баһадүр ханның Тілдік тұлғасының нөлдік деңгейін құрайтын тілдік деректер профессор Б. Әбілқасымов монографиясында кеңінен қарастырылған.
Әбілғазы шығармасында айрықша рөл атқарған, жиі қолданылатын қолданыс бірліктері оның Тілдік тұлғасының лингвокогнитивтік деңгейін көрсететін концептілер болып табылады. Ол концептілердің аса ауқымдыларын макроконцептілер деп атап, олардың әрбірінің автор поэтикалық жүйесінің концептілік өрісіндегі орнын анықтауға талпыныс жасалды.
Сонымен, Әбілғазының концептуалдық әлемі оның өмірінің мәні мен мазмұны болған «билік», оған қол жеткізу үшін жүргізілетін күрес – «соғыс», оның қозғаушы күші, шайқастың басы-қасында болатын қолбасшы - «Хан», ол сиынатын құдіретті күш – «Жаратушы Алла» концептілерінен тұратыны анықталды. Бұл макроконцептілердің әрбірі өзара байланысып жатқан концептілерден (микроконцептілерден) тұратын күрделі құрылым болып табылады. Ол құрамдас бөліктердің арасындағы байланыстар алуан сипатты болады және үнемі жүйе түрінде көріне бермейді, бірақ олар қандай комбинацияда қолданылғанына қарамастан, үнемі сол макроконцептінің өзегіне, яғни базалық концептіге тәуелді болады.
Зерттеуде Әбілғазы Тілдік тұлғасының лингвокогнитивтік деңгейін құрайтын концептуалдық құрылым «билік», «өзім//өзге», «дін», «соғыс», «өмір//өлім», «адамның жақсы//жаман қасиеттері», «ат/тұлпар», «тағам» концептілері аясында қарастырылады.
Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
Наш опрос
Вы расскажете о нашем сайте своим знакомым?
Всего ответов: 1009
Статистика

Онлайн всего: 8
Гостей: 5
Пользователей: 3
PedarEn, mapedtug, ArokkhZilt