Меню

Күл-тегін мен Білге-қаған ескерткіштері

03.12.2016
2270
0
Түркі халықтарының рулық таңбалары мен Орхон-Енисей жазуының арасындағы генетикалық жақындық жайындағы өткен заман оқымыстыларының бұл жорамалын қазіргі уақытта совет тарихшылары да қостап отыр. Тарихшы С. В. Киселев бұл жазу (Орхон-Енисей) сырттан келген жазудың негізінде қалыптасуымен бірге жергілікті халық арасында тыңнан туған қолтума үлгі деп қарау керек деп қорытындылайды. Өз ойын дәлелдеу үшін ол тағы да рулық таңбалар мен жазу үдгілерінің ұқсастығын айтады.
Орхон-Енисей жазбаларының дәуірі Ү-ҮІІ ғасыр аралықтары деп айттық. Бұл түркі халықтарының арасында ислам діні тарала қоймаған кез. Олар күнге т.б. табиғи құбылыстарға табынып, соларды құдай тұтты. Соған орай жазбалар тілінде ислам дініне байланысты айтылатын діні сөздер де, жалпы араб-парсы сөздері де кездеспейді. Сөздік қорлары түгелдей дерлік табиғи түркі сөздерінен құралады.
Орхон-Енисей жазуы ескерткіштерінің зерттелеу. Орхон-Енисей жазуына байланысты ескерткіштердің біздің еліміздегі зерттелу тарихын негізінен алғанда, үлкен-үлкен үш дәуірге бөледі. Бірінші кезең – Орхон-Енисей жазуының әрбір үлгілерін жинау дәуірі, яғни ХІХ ғасырдың басына дейін.
Екінші кезең – Орхон-Енисей жазуының материалдарын оқып аудару және оларды бастырып шығару дәуірі /ХІХ-ХХ ғасырлар, қазан революциясына дейін/. Бұл дәуірде кейбір ескерткіштер туралы ішінара болса да ғылыми-зерттеу жұмыстары жазыла бастады. Үшінші кезең – осы саладағы жазба мұралардың ғылыми түрде жан-жақты /тарихи, лигвистикалық, этнографиялық, археолгиялық және т.б./ ғылыми талдау дәуірі болды.
Орхон-Енисей ескерткіштерінде аталған этникалық топтар мен одақтар да қазіргі түркі халықтарының құрамында кездесетінін айтып өтпеске болмайды. Өйткені бұл – жай ғана, кездейсоқ, сәйкестік емес, сол тілде сөйлеген тайпалар мен рулардың қазіргі түркі халықтарының құрамына еніп, осылармен этникалық байланысқа түскендігін дәлелі. Ескерткіштер текстіндегі қырғыз, оғыз тайпаларының кейінгі дәуірде жеке-жеке түркі халықтарының негізін салғандығы белгілі. Бұлардан басқа тайпалар да қазіргі бірсыпыра түркі халықтарының құрамында бар екендігі айқындалып отыр. Мысалы, алтайлықтардың құрамында теле, токуз, төртаз, байлағаз, чигат тәрізді ру аттары кездеседі. Зерттеушілер осы ру аттары Орхон-Енисей жазбаларында кездесетін теле, тоғыз, оғұз, аз, чик тәрізді этникалық атаулардың қалдығы дегенді айтады. Бұл пікірге дәлел болатын тағы бір жағдай: алтайлықтардың /әлгі рулардың да/ мекені сол ескерткіштерде баяндалатын географиялық орынға сай келеді. Сондай-ақ қазіргі тува халқының құрамында ондар ұйғыр деп аталатын этникалық топ сақталса, тағы да алтайлықтардың ішінде сеока тиргес дейтін этникалық түргеш, ұйғыр атаулар жеке-жеке тайпаларды білдірмей тайпалар тобын, тайпа одақтарын білдіруге тиіс дейтін пікірді расқа шығарды.
Сонымен қатар қазақ тілінің тарихын зерттеушілер де, тарихи деректерге сүйене отырып, ескерткіштерде кездесетін ашин, дулу тайпалары қазақ құрамындағы алшын, дулат руларының арғы негізі болуға тиіс дейтін пікір айтады.
Сөйтіп, ескерткіштер тілінде кездесетін этникалық топтардың біразы қазіргі түркі халықтарының құрамынан кездесіп отырады.
Түркі халықтары мен тілдерінің өте ескі мұрасы, тарихи ескерткіші болып саналатын «Орхон-Енисей жазбаларының» шығу тарихы, зерттелу жайы, тіл ерекшелігі және оның қазіргі қазақ тіліне қатысы жайындағы қысқаша мәлімет осындай.
Орхон ескерткіштеріндегі «Күлтегін жырының Білге қаған атынан жазған жазулардың авторы Иоллығтегін. Біздің сүйенетіндеріміз «Күлтегін /бірінші жыр/ сонында бұл жазуды жаздырғанның аты – Иоллығтегін», - деген анықтама.
Түркі мәдениетін зерттеуші ғалымдардың пікірінше Иоллығтегін 739 жылы өз ажалынан қайтыс болған, ал жырды 732 жылы жазған. Бұл түркі қағанатының күшті кезі болғанымен, империя ішіне алауыздық кіре бастағаны белгілі еді. Мүмкін осы жай саясаткер Иоллығтегіне Күлтегін батыр қазасына арнап сөз жазуға ой салған болуы мүмкін. Күлтегін батыр 684 жылы туып, 731 жылы 47 жасында дүниеден өткен. Осы қаза әсіресе Білге қағанға қатты әсер еткен, жырдың Білге қаған атынан жазылуы да содан болар.
Данышпан сол бабамыздың бізге қалдырған мына сөздерін оқып, ойланайық: «Көк тәңірі жаратқан, көк тәңірге ұқсас мен түрік қағаны, міне патшалық таққа отырдым. Менің халқым, руластарым, аталастарым, туыстарым, бауырластарым, менің соңыма ерген барлықтарың менің бір сөзімді де қалт жібермей тыңдаңыздар.
Жоғарыда көк аспан жаратылғанда, жер төменде қарайып жатты. Екеуінің арасында адамның баласы жаратылды. Барлық адам баласының үстінен менің бабаларым Бұлқын қаған мен Естемі қаған қарады. Патшалық таққа отырып, олар әр тайпа өзінің одағын құрды. Солардың бірі түркі халқы болды. Дүниенің төрт бұрышы олардың жауы болды. Әскер алып шығып, дүниенің төрт бұрышындағы барлық халықты бағындырып алды. Сөйтіп оларды бейбіт өмір сүруге мәжбүр етті. Басы барлардың басын игізді, тізесі барлардың тізесін бүктірді. Менің інім Күлтегін өмірден өтті, мен қайғырдым. Өткір көзім өшкендей болды. Өткір ойым сөнгендей болды.
Уақытты білмейтін көк тәңірі. Адам баласы туғанда өмірден өту үшін туады»,- деп жазылған. Зираттың басына қойылған көк тасындағы жазу, міне, осындай. Жазудағы терең ой сөзінің қарапайымдылығында.
Біздің бүгінгі ұрпақтарымыздың өз тілін, өзінің арғы тегінің тарихын, кім екендігін ұмытқан кезде данышпан бабаларымыздың қалдырған сөздері бірден-бір ем, дауа болуы сөзсіз.
Данышпан Тоныкөк қаған: «Мен қартайдым, дәрежем көкке жетті. Егер жер бетіндегі қаған бар бір халықтың ішінде жұмысқа құлқы жоқ, жұмыс істегісі келмейтін бір бейшара болса, ол сол халық үшін қандай қасірет болған болар еді. Мен данышпан Төныкөк: Білге қағанның түркі халқы үшін осының бәрін жазуға бұйырдым»,- деген сөзін тасқа қашатқан.
Ұққан адамға еңбек сүйгіш бол, «сенің халқынды, елінді көрсетеді, еңбек етпеген жалқау адам елін, халқын кері тартады, қырсығы тиеді», - деп кейінгі ұрпақтарға өсиеті, ақыл, нақыл, ой тұжырымын қалдырған.
Рейтинг: 4.0/4
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
Наш опрос
Вы расскажете о нашем сайте своим знакомым?
Всего ответов: 998
Статистика

Онлайн всего: 11
Гостей: 6
Пользователей: 5
BenEl, angeliack1, MitchBuh, PeraturQuit, DaroMl