Меню

Концепт – жазба ескерткішті лингвокогнитивтік зерттеудің кілті

04.12.2016
548
0
Жұмысымызда Әбілғазы тілдік әлемін құрайтын шежіреге концептуалдық талдау жасауда мынадай пікір пайымдауларға сүйендік:
1. Концепт – көп компонентті, күрделі когнитивтік құбылыс. Оның құрылымын орталық нүктесі, яғни өзегі бар және сол өзек маңына топтасқан білімдер, түсініктер мен ұғымдар, ассоциациялардан тұратын (шеткері аймақ) өріс түрінде тануға болады.
2. «Шежіре» мәтіні материалы негізінде жүзеге асырылатын концептуалдану процесінің өзіндік ерекшелігі бар, оны «шығармашылық контекст» деп атауға болады. Зерттеуші Х.Х.Махмудовтың пікірінше, жазушының қоршаған әлемге, уақытқа деген қатынасы, көзқарасы оның көркемдік санасында орныға отырып, міндетті түрде тікелей шығармашылық контексте көрініс табады.
Жазушы тілдің шеңберінен шығып кете алмайды... Ол өзін қоршаған әлеммен, дүниемен, болмыспен байланыстыратын сөйлеу фактілерінің белгілі бір жүйесін қалыптастырады. Осы жүйе, яғни тіл ұстанушының поэтикалық концепциясы оның өзіне ғана тән, меншікті дүниесі болып табылады. Демек, аталмыш шығармашылық контекст арқылы Тілдік тұлғаға тән индивидуалды және ұлттық түпбастауларды қоса қамтитын ғаламның тілдік бейнесін танып-білуге, реконструкциялауға жол ашылады.
3. Тарихи мәтінге концептуалды талдау жасау үшін, алдымен сол мәтінде қолданылған кілт сөздер жиынтығын, ондағы базалық концептіні анықтап алып, келесі кезекте сол концептілер арқылы таңбаланып отырған концептуалды кеңістік сипатталуы тиіс.
Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
Наш опрос
Вы расскажете о нашем сайте своим знакомым?
Всего ответов: 1000
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0