Меню

Орхон жазулары, оның құрылуы мен шығуы. Жазбалар дерек ретінде

05.12.2016
1489
0
Орхон-Енисей жазуы туралы 1962 ж. ең алғаш хабар берген адам Амстердам қаласының бургомистрі Н.Бидзен.
С.Ремезовтың 1969 ж. бастап, 1967 ж. жазып бітірген «сібір қалаларының, жерлерінің, шөл жалалар мен асуы қиын таулы өлкелерінің чертежі» деген еңбегінде «Орхон тасы» деп көрсетілген жер бар. Ол 1896-1897 ж. әйгілі Талас ескерткіші табылатын рунктке сай келеді. С.ремезов көрсеткен материалдар петр Алексеевич патшаның нұсқауымен 1701ж. «Сібірдің, қалалардың және өлкелердің атласы» деген еңбекті жасау үшін пайдаланылған. 1721-1722 жылдары Сібір өлкесін аралаған Д.Е.Мессершмидттің экспедициясы да рун жазуының кейбір элементтері жөнінде қысқаша мәліметер жазып қалдырған болса, айдауда /13 жыл/ жүріп, Сібірде қызмет істеген швед офицері Ф.И.Табберт – Страленберг, тіл біліміндегі жаңа ағым Орал-Алтай теориясының авторы, 1730 ж. Орхон-Енисей жазуының бірнеше үлгілерін тапқан. 1793 ж. П.С.Паллас Орхон-Енисей жазуының бірсыпыра материалдарын жариялады.
Алдын ала берілген осындай азын-аулақ хабарлардан кейін Орхон-Енисей жазуының ескерткіштерін іздеуге баса назар аударыла бастады. 1818 жылы бірқатар жазу нұсқаларын Г.Спасский «сібір естеліктерінің жазбасы» деген еңбегінде жариялап шығарды. Оны Ф.И.Круг 1828 ж. латын тіліне аударып басты. Еңбекті сол уақыттың көрнекті ғалымдары А.Гумбольд пен Р.Ремюза өте жақсы бағалады. 1847 жылы М.А. Кастрен Енисей губерниясының Минусинск округіндегі Шушинск болысынан рунакалық құпия жазу ескерткіштерінің жаңа түрін тапты да оны Г.Спасский 1857 жылы басып шығарды. Бұл ескерткіштің мәтіні 1859 жылы тағы да жарияланды. 1887-1888 жылдары фин ғалымы Ж.Аспелин арнаулы экспедициямен барып, Енисей өзенінің бойындағы жазуларды зерттеп қайтты. Оның материалдар 1889 жылы жарияланды. Ж.Аспелин 1884 жылы Одесса қаласында өткізілген археологиялық сьезде жасаған баяндамасында Орхон-Енисей жазуының сырын ашу үшін оны оңнан солға қарай оқу керек деп шешкен болатын.
Бұдан әрі руна жазуының әр алуан үлгілерін жинау жұмыстары қыза түсті. 1881 жылы И.С.Боголюбский /Енисей, Абакан өзендерінің оң жақ жағалауынан, Майдашке қыстауынан т.б. жерлерден, А.В.Вдрианов /Саян тауынын маңайынан/, 1885 ж. И.В.Савенков /Тува өзенінің бойынан/ сияқты зерттеушілер Орхон-Енисей жазуы бар бірталай тас кездестіреді. Өзіне дейінгі жазушылардың пікірін талдап, Н.М.Ядринцев 1885 жылы үлкен мақала жазады да, 1889 ж. Орыс географиялық қоғамының Шығыс Сибирь бөлімі арқылы экспедиция ұйымдастырады. Ол Күлтегін мен Могилян ханға арналған ескерткіштерді ашқан. Осыдан соң Г.Гейкель ұйымдастырған фин ғалымдары /1890 ж./ мен В.В.Радлов бастаған орыс зерттеушілерінің /1891 ж./ экспедициялары барып қайтты. Олар жүргізген жұмыстардың қорытындылары өз алдына жеке-жеке еңбек болып басылып шықты.
Жан-жақты жиналып, мол сараланған ескерткіштердің сырын ашып, жазуын оқу мәселесі де ұзамай қолға алына бастады. Дания ғалымы В.Томсон ең алдымен ондағы белігілі бір әріптердің өзара тіркесіп келу заңдылығын қадағалады. Сонда ол кейбір таңбалардың әрдайым өзара іліктес келіп, кейбір белгілердің, керісінше қарап, В.Томсен Орхон-Енисей жазуынын тілінде дауысты дыбыстардың қолданылуына байланысты жуанды-жіңішкелі болып айтылатын екі түрлі жүйе бар деген тоқтамға келген.
Ж.Асперин Орхон-Енисей жазуында небәрі 38-40 әріп бар, ол әріптердің 847 түрлі таңбасы бар деп жорамалдаған еді. Шынына келгенде, осы күні 24 дыбыстың 150-ге тарта ғана таңбасы бар екендігі айқындалып отыр.
Енисей ескерткіштері деп Енисей өзенінің бойынан және Тува Республикасынан табылған ескерткіштер тобы аталады. Бұл алқаптан табылған ескерткіштердің ұзыны елудің үстінде. Бұлардың алғашқылары – ХҮІІІ ғасырдан-ақ белгілі болғандар. Содан кейін әр кезде зерттеушілер саяхатшылар бұлардың басқа түрлерін таба берген. Соңғы жылдардың өзінде бұл жазудың үлгілері Тува республикасының территориясынан табылып отыр. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан көбінесе шағын болып келеді. Ең үлкені 10-15 жолдан тұрады да, ең кішісі 1-2 жолдан ғана құралған.
Қолданылу мерзімі жағынан Енисей ескерткіштері – ескі түркі жазуының ең ескісі, ол шамамен Ү-ҮІІ ғасырларға жатады деп есптеледі.
Ескі түркі жазуының Енисей өзенінің алқабында көптеп табылған жері – Улукем және Кемчик өзендерінің жағасы. Бұл – жер жағдайы жақсы, шөбі шүйгін, тіршілікке аса қолайлы жер көрінеді. Маңайдағы далалық өңірден биік таулар арқылы бөлініп тұратын жер. Тарихшы Клеменц ескерткіш көп табылған жердің осы ерекшелігін ескеріп, мұнда Енисей мәдениетінің өркендеуіне табиғи жағдай болған деп шамайлайды.
Ескі дәуірлерде Енисей бойын қырғыздар, солардың қоластына қарайтын тайпалар мекендеген. Кейінгі кездерде Енисей ескерткіштерін ескі қырғыз тілінің ескерткіші болу керек дейтін жорамалға осы факт себеп болып жүрсе керек. Бұл пікірді қостаушылар ең алдымен қырғыздардың Тянь-Шань тауларына Енисей бойынан келгендігін еске алатын. Дегенмен, осы орайда мына бір жағдайды ұмытпаған жөн. Енисей ескерткіштерінің тілі бар жағынан бірдей осы заманғы қырғыз тілімен астаса бермейді. Ескертекіштер тілінде қырғыз тілімен қабыспайтын толып жатқан фактілер бар. Оның бер жағында Енисей ескерткіштерінің тілдік фактілері осы заманғы түркі тілдерінің көпшілігінде-ақ /әсіресе Орта Азиялық тілдерде/ кездеседі. Бұның өзі, бір жағынан кейбір зерттеушілер айтып жүргендей /мысалы, И.А.Батманов/ Енисей ескерткіштерінде бірнеше тайпаларға ортақ тіл болып қалатын диалектілік ерекшеліктер де соның салдары болуы ықтимал.
Сөйтіп, Енисей ескерткіштері бір ғана ескі қырғыз тілінің көрінісі дегеннен гөрі, тарихтың ескі дәуіріндегі «жалпы түркілік» тілдің ескерткіші, олай болса осы күнгі тірі түркі тілдерінің көпшілігене ортақ деп қарау әлдеқайда ұтымды.
Орхон ескерткіштері деп Орхон, Селенга, Толы өзендерінің аңғарынан, Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер тобы аталып жүр. Орхон ескерткіштері тілі, баяндайтын тарихи оқиғаларының мерзімі, жазу стилі жағынан ескі түркі жазуының соңғы жаңа кезеңін танытады. Орхон өзенінің бойына, сондай-ақ оған жалғас аймаққа ескі түркі жазуы Енисей өзені бойындағы түріктерден тараған болу керек. Енисей ескерткіштерінің таңбаларынан гөрі Орхон ескерткіштері таңбалырының әлдеқайда жетілгендігі, олардың жақсы сақтаулы сол жайды танытатын тәрізді. Оның бер жағында, Орхон жазуы, халық арасына кеңінен таралған болуы да мүмкін. Күлтегін ескерткішінде мынандай сөйлем кезедеседі: аңар көрү білін, түрк амты бідін белгілері /Мынаны оқып біліңдер, түріктің ендігі халқы мен бектері/. Сол сияқты Тоныкөк ескерткішінде де: Түрік білге қаған еліне бітідім деп білге Тоныкөк /Түріктің Білге ханының еліне арнап жаздырдым мен, данышпан /Тоныкөк/ деген сөйлем бар. Бұларға қарағанда ескерткіш қойғызып, өсиет айтып отырған авторлар басқа да түріктердің жазуды оқи алуыан еске алса керек. Орхон жазуының ескерткіштері сан жағынан көп, әрі көлемді болып келеді. Олардың ішіндегі ең көлемділерінің біразын әңгімелей кеткен дұрыс.
Орхон ескерткіштерінің ең көлемділерінің бірі – Онгин ескерткіші деп аталады. Ескерткіші Онгин өзенінің аңғарындағы сайын Ноян шіркеуінен 1891 жылы Н.Ядринцев тапқан. Оның айтуынша ескерткіш тегістелген әдемі, төрт бұрышты тасқа жазылған. Тас жалпақ плитаның үстіне орналытлған. Жазу оның алдыңғы жағы мен бір жақ беткейіне жазылған. Айнала басы жоқ арыстандар мен отырған адамдардың мүсіндері қойылған. Арасы 500 қадамдай тастан төселген аллеялар бар. Ескерткіш Илтерес /кейде Елтерес, Гудулу, Кутлуғ/ хан мен оның әйелі Илбилге хатунға, яғни Могилян мен оның інісі Күлтегіннің ата-аналарына қойылған. С.Е.Масловтың шамалауынша, жазылған мерзімі ҮІІ ғасырдың басы. Бір мәліметтер бойынша Илтерес 690 не 693 жылдары қайтыс болса керек.
Орыс географиялық қоғамының мүшесі Н.Ядринцев 1889 жылы Орхон өзенінің Моңғолия жеріндегі Хошо-цайдам ойпатынан ағып өтетін жерінен кейін «Хошо-цайдам ескерткіштері» /немесе «Күлтегін ескерткіші», «Могилян ескерткіші»/ деп аталып кеткен ескерткіш тастарды табады. Бұл ескерткіштердің иелері – Н.Ядринцевтің айтуынша, Моңғолоиядан Тарбағатайға дейінгі жерлерді жайлаған, Қара-қорымнан Ыстық көлге дейінгі елдерді түгел жаулап алып, Қытай мен Үндістан арасындағы халықтармен қарым-қатынас жасаған түркі тайпалары.
1827 жылы Селенга өзенінің бойындағы Налайха станциясынан әкелі-балалы Д.А.Клеменц пен Е.Д.Клеменц кейін «Селенга ескерткіші» /немесе «Тоныкөк ескерткеші»/ деп аталып кеткен. Жазулы тасты табады. Ол Шығыс түркі тайпаларының әйгілі хандары Илтерес /693 жылы қайтыс болған/, Қапаған /716 жылы қайтыс болған/, Могилян /734 жылы қайтыс болған/ тәрізді үш билеушіге бірдей қызмет еткен, өз заманының білгір дипломаты болған Тоныкөк биге арналған ескерткіш болып шықты.
Орхон жазуының бұлардың басқа да нұсқалары мол екенін айттық. Қосымша ретінде айта кететін бір жай – Орхон мен Толы, Селенга өзенінің аңғарларында ескі дәуір куәсі болатын молалар мен қорғандар, әр түрлі өрнек, таңба салынған тастар мен плиталар, әр түрлі хайуанаттардың суреттері өте көп. Тарихшылардың айтуынша, бұлардың барлығы да өзара жақын, ұялас тайпалардың бір кездегі өмір сүру куәсі, солардан қалған мұра.
Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
Наш опрос
Вы расскажете о нашем сайте своим знакомым?
Всего ответов: 1002
Статистика

Онлайн всего: 10
Гостей: 5
Пользователей: 5
Алина115Non, uapedtug, Gabrielvieno, SarahCoaky, tapedtug