Меню

«Түркі шежіресіндегі» «дін» концептісі

03.12.2016
701
0
«Дін» концепті ғаламның тілдік бейнесінде айрықша орын алады. Оның құрылымы өте күрделі және оны вербалдаушы бірліктердің саны да көп болғандықтан болар, аталмыш концепті қазақ тіл білімінде әлі күнге арнайы зерттеу нысаны болған емес. Біз оның құрылымына кіретін лексикалық бірліктерді көп қабатты ассоциативтік-семантикалық өріс (АСӨ) түрінде ұйымдасқан нәрсе ретінде түсінеміз.
Сонымен, «дін» сөзінің негізгі өзек семалары ретінде «сенім», «рухани», «адамшылық, адамгершілік», «құдіретті» т.б. мәндер танылады. Алайда аталмыш концептінің номинант-лексемасынан бөлек, «дін» ассоциативтік-семантикалық өрісіне семантикалық құрылымында «дінмен байланысты», «діни көзқарасқа негізделген», «дінге негізделген», «діни ұстанымға сай» сияқты компоненттері бар көптеген экспликанттар енеді. Мұның себебі, дін лексемасының тіл ұстанушы санасында тұрақтанған ассоциативтік байланыстары сан салалы болып келеді, ал концепті үшін оның ассоциативтік өрісі жай ғана маңызды емес, ол өріс концептінің шеткері аймағын (қабатын) құрайтындықтан да ерекше мәнге ие [6, 35-36 бб].
Олардың ішінде: Құдайдың түрлі атаулары, адам баласының жаратылысына қатысты мифологемалар мен ұғымдардан бастап, періштелер мен перілердің, пайғамбарлардың, олардың балаларының есімдері, діндарлыққа байланысты түрлі салттар мен әдеттер, тағзым ету барысында қолданылатын әр алуан заттар, әрекеттер мен белгілер, тәуап ету, намаз оқу т.б. көптеген діни ұстанымға қатысты атаулар мен етістіктер бар.
Жалпы «Түркі шежіресінде» «дін» концептісін түрлі қырынан вербалдайтын лексемаларды бірнеше тақырыптық топқа бөлуге болады: Құдай атаулары (Құдай тағала, жаратқан, жаратушы, Алла тағала); пері-періште, сайтан сияқты ғаламзаттық жаратылыс иелерінің атаулары (Мәһкайыл, Жебірейіл, Әзірейіл, Ібіліс т.б.); пайғамбарлар есімдері (Адам Ата ғалайхиссалам, Нұх, Ідіріс т.б.); негізгі ұғымдар (бейіш, жұмақ, тозақ/дозақ, тамұқ); Құдайға құлшылық етуге қатысты заттар мен киімдер атаулары; жаратқанға тағзым ету, иман келтіру сынды ритуалдық мәні бар ұғымдар атаулары (иман келтіру, сәжде қылу, табыну, тағзым ету).
Ал тұтас алғанда, қазақы (түркілік) діни-философиялық дискурсқа тән «дін» концептісінің негізгі мазмұнын адам баласының Құдайды мойындауына, оған мойынсұнуы, құлшылық етуіне негізделген, Құдай мен адам арасындағы (дара және ұжымдық сипатта болатын) объективті рухани байланыс деп тұжырымдауға болады.
Зерттеуде «Түркі шежіресіндегі» «дін» концептісінің репрезентациясы нақты мәнмәтіндік талдауға түсті.
Мысалы, Уақытты белгілеу тәсілдері: Кемеге рәджаб айының алғашқы күні мініп еді, алты ай он күн дегенде мұхаррам айының онында кемеден шықты (17); Шыңғыс хан хижраның 559-шы жылы дүниеге келді (54); «Хижраның алты жүз он бесінші жылы Шыңғыс хан сансыз көп әскерімен аттанып... (73);
Тәуліктің намаз оқылатын сағаттарымен (кездерімен) белгілеу: Біз күніне бес рет намаз оқу арқылы оған құлшылық етеміз (90); Бесін уақытында Хиұқтан: «Қожамқұлы құсбегі келіп, шаһарға кірді», – деп, кісі барды (159).
Паремиялар, фразеологизмдер қолданысы: Ібілістің адамға сәжда қылмағаны, Адамның бейішке барып, одан бұл дүниеге қайтып келгені айдан анық, күннен мәшһүр болғандықтан, оның несін айтайын (16); Құдайға шүкір, қазір біздің жағдайымыз жаудан қорқып, тау ішіне тығылатындай емес (33); т.б
Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
Наш опрос
Вы расскажете о нашем сайте своим знакомым?
Всего ответов: 998
Статистика

Онлайн всего: 12
Гостей: 6
Пользователей: 6
BenEl, Samuelmelf, MitchBuh, PeraturQuit, AsaruWew, DaroMl