Меню

Түркі шежіресіндегі» «өзім//өзге» бинарлы концептісі

08.12.2016
523
0
Жалпы «өзім//өзге» семантикалық оппозициясы, біздіңше, тілдік ұғым санасындағы «жақсылық//жамандық», «жақсы//жаман», «дос//жау» т.б. әмбебап дихотомиялық жұптардың нақтылануы сияқты [4, 15]. Ол сондай-ақ «билік үшін күрес» концептісінің семантикалық негізі болып табылады және саяси дискурстың (СД) өзіндік ерекшелігін анықтайды.
Біздің зерттеуімізге қатысты айтар болсақ, «Шежіре» өзінің әуелгі, бастапқы 1) тарихи жылнама, дерекнама, тарих; 2) туыстас, бір руға тән ұрпақтардың таралу жолы; рулық, туыстық кесте [5, 728-б.] мағынасынан алшақтап, Түркі даласында билік құрған Шыңғыс ұрпақтарының өмірбаяндары, өмірлік ұстанымдары, өзара қырқыс-тартыстары, салт-дәстүрлері, т.б. сол кезеңдегі (ХVII ғасыр) ғалам бейнесін билеуші, үстем тап өкілінің көзімен қарап, бағалап, сипаттап ұсынған саяси дискурстың бір көрінісі болып табылады. Онда автордың прагматикалық ұстанымына негіз болған шыңғысшылдық идеясы (мәтіннің орта шенінен бастап) эксплицитті және имплицитті түрде беріліп отырады.
Кез келген саяси дискурстың негізін құрайтын «өзім//өзге» семантикалық оппозициясы мәдени константа, дискурстың барлық түрлерінде көрініс беретін прагматикалық универсалия болып табылады.
Біздің назар аударып отырған «өзім-өзге» концептісі әмбебап сипатта, себебі ол публицистикалық дискурста, мәдениетаралық қатынаста, саяси дискурста кездеседі. Әрбір мәдениет басқа мәдениетпен байланысқа түскенде міндетті түрде одан өзіне тән затты іздейді, оны өзіндік менталды және тілдік құралды меңгеріп, сол бойынша түсіндіреді, керісінше «өзгені» шеттетіп, өз бетінше түсіндіреді.
Біз «өзге» концептісін жат, бөтен, бейтаныс, сенікі, онікі, жау, дұшпан, бейтаныс, кісі елі, иісі бөлек, діні, тілі бөлек, заты басқа, қаны бөтен сөздерімен, ал «өзім» концептісін менікі, ел-жұрт, ру, біздікі, ағайын, туыс, бауыр, тайпа, отан, туған жер, тегі бір, тумысы бір сөздерімен байланыстырамыз.
Әбілғазы баһадүрдің «Түрік шежіресіндегі» «өзім-өзге» концептісінің тілдік репрезентациясы: Адам өз ұрпақтарынан қырық мың кісіні көріп өлді. Өзі өлер болғанда орнына Шес атты ұлын қойды (16); Ол өлер уақыты жеткенде, орнына ұлы Анушты отырғызды, өзі үлкен атасы Адамның жолын қуып, тоғыз жүз он екі жыл бұл дүниеде тұрып, ол дүниеге келді (16); Көкірделік деген жерге жеткенде Бекқұлы инақты мың жігітпен Қаракөл үстіне жіберді, өздері Сүйінішбаланың үстіне жүрді (193).
Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
Наш опрос
Вы расскажете о нашем сайте своим знакомым?
Всего ответов: 1009
Статистика

Онлайн всего: 9
Гостей: 6
Пользователей: 3
PedarEn, mapedtug, ArokkhZilt