Меню

Туған өлкенің тамашасы

08.12.2016
2576
0
Жетісу Алатауындағы туризмді дамытуға аса қолайлы маңызды аймақтардың қатарына Қапал-Құрымбел ойысы мен Бүркітті Бүйен өзені бастау алатын Қора, Жаманкөл, Қаратау жоталарының солтүстік беткейін жатқызуға толық негіз бар. Аталған аумақта ғылыми-танымдық, экологиялық және тау туризмін дамытудың тамаша мүмкіндіктері жетерлік, — дейді саланы зерттеп, зерделеумен айналысқан І.Жансүгіров атындағы университеттің оқытушысы К.Жүзжасаров. Оның айтуынша, Мұздыбұлақ таулы алқабы мен Құрымбел ойысында қазіргі кезде қазба жұмыстары жұргізіліп жатқан қола, сақ-ғұн, түркі кезеңдеріне жататындығымен ерекшеленетін тарихи-экологиялық ескерт­кіштер, Қапал ойысында шипажайлық-сауықтыру туризмін дамытуға мүмкіндік беретін тектоникалық жарықшақты минералды су көздерінің қоры кездеседі екен. Қаратау, Қора, Жаманкөл жоталарының солтүстік беткейлерінің абсолютті биіктігі мен жер бетінің жалпы кескіні, көлбеулігі сияқты жер бедерінің морфометриялық көрсеткіштері рекреанттардың жекелеген топтары үшін альпинизм , спорттық-сауықтыру, оқу-танымдық және тау шаңғысы туризмдерін дамытуға айтарлықтай мүмкіндік бар.
Тау беткейлері микроклиматының адамның мінезі мен сезіміне, денсаулығына тигізетін әсері мол. Сонымен бірге тау беткейінің теңіз деңгейінен біртіндеп биіктеуіне байланысты Бүркітті Бүйен өзенінің жоғарғы ағысына дейін автокөлікпен баруға болатындығы да туристік инфрақұрылымдарды дамытуға аса қолайлы екенін дәлелдейді.
Табиғи алғышарттар бірнеше күндік туристік саяхаттар ұйымдастырып, Бүркітті Бүйен өзенінің бастауында альпинистік лагерьлер құруға таптырмайтын орын.
Қора, Жаманкөл, Қаратау жоталарының солтүстік беткейінің, Қапал, Құрымбел ойыстарының гисометриялық, гидроклиматтық ландшафтық-эстетикалық жағдайлары мен тарихи және әлеуметтік-экономикалық алғышарттарын ескеріп, ғылыми-танымдық, бұқаралық сипаттағы серуендік-сауықтыру, шипажайлық-емдік және тау туризмін дамытуға болады.
Бүйен өзені бастау алатын субендік және ендік бағытқа созылып жатқан Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жотасының орталық бөлігін қамтитын, батыстан шығысқа бағытталып созылып жатқан абсалюттік биіктігі 3878 метрге жететін Қора, Қаратау (3289м) жоталары солтүстігінде теңіз деңгейінен биіктіктері 1200-2300 метр аралығында ауытқитын үш деңгейлі Қапал, Құрымбел, Мұздыбұлақ тауаралық ойыстарына ұласады. Жоғарыда аталған жоталардың эстетикалық тартымдылығымен ерекшеленетін табиғат көрсеткіштеріне өте бай болуы туристерді ежелгі мұзбасулары мен сел әрекетінен түзілген жер бедерінің морфомүсіндік пішіндерімен таныстыруға қолайлы.
Бүркітті Бүйен өзенінің аңғары мен теріскей беткейлердегі таулы орман топы­рағында талды-шетенді және шыршалы ормандар тараған. Қылқан жапырақты ормандардың жапырағынан бөлінетін эфир майларының хош иісі мен озонға бай салқын таза ауасы адамның физикалық күш қуатын қалпына келтіріп, мінез-құлыққа қолайлы әсер ететінін ерекше еске алуға болады.
Мұздықтардың бетінде ауа температурасының төмендігіне байланысты орта биіктіктегі таулы белдеуге қарағанда, желдің жылдамдығы артады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, ашық күндердің саны, инсоляцияның мәнінің жоғарылығы сияқты рекреациялық ресурстардың жеткілікті болуы туризм мен демалысты дамытуға, келушілердің ынтызарлығын арттыруға ерекше мүмкіндік береді.

Күрделілігі төмен, орташа дәрежедегі альпинизм мен тау туризмін, тау шаңғы­сы хелликсиді, ғылыми-танымдық туризмді дамытуға ең қолайлы ауданның бірі Бүркітті Бүйен, Орта Бүйен, Тасты Бүйен, Ақсу, Қора, Шыжы, Көксу өзен­дерінің суайрығы болып табылатын Қоржынтау, Қора, Жаманкөл жоталары­ның түйіскен жеріндегі Аболин, Безсонов, Тронов, Аюсай, Сапожников, Лагерьный, Алтынсарин мұздықтары болып табылады.
Жылы-ашық, жауын-шашынсыз күндердің көп болуына байланысты тау мұздақтарында альпинизм мен ғылыми-танымдық туризмді дамытуға ең қолайлы кезең шілденің екінші жартысы мен тамыздың соңына дейінгі аралық болып табылады. Жылдың бұл мезгілінде 3000-3500 метр биіктіктегі нивиальды-гляциальды белдеудің өзінде күндізгі температура +22 ...+24 градусқа жетсе, түнде +4 ...+6-дан төмен түспейді. Қаратау, Жаманкөл, Арасан, Қора, Қоржынтау жоталарының түйіскен жері жоғарғы палеозойдың тілімделген гранитойдтарынан тұратын төбесі текшелі таулы алқап. Енді туристерді осынау керемет таулы аймақтарға апарудың, таныстырудың жол­дарына тоқталсам, бірінші күні туристер Талдықорған қаласының солтүстік шығысында 75 шақырым қашықтықтағы Қапал ауылына жеткізіледі, жол бойында Қапал батырдың ескерткішімен, Ақын Сара мен Біржан сал айтысы өткен Тоғызқұмалақ қонысымен, Қапал ауылындағы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында салынған сәулет ескерткіштерімен, жергілікті өлкетану мұражайларымен танысып, тартымдылығымен ерекшеленетін бірегей табиғат құбылысы Тамшыбұлақта болып, жерасты суының геологиялық әрекетінің тау жыныстарын түзудегі алатын орнын көріп тамашалайды. Ал, екінші күні туристер автобуспен Қапалдың шығысында 22 шақырым қашықтықтағы Баянжүрек тауының оңтүстік беткейінің баурайындағы Құрымбел ойысына жеткізіледі. Табиғаты эстетикалық тартымдылығымен ерекшеленетін бұл аумақта демалушылар археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан қола, ерте темір, сақ-ғұн, түркі кезеңдерінің ежелгі қорғандарымен, қоныстарымен, Ш. Уәлихановтың жолжазбаларындағы Баянжүрек петроглифтерімен танысады.
Ашық аспан аясында демалып ауа, су ваннасын қабылдауды ұнататын турис­терді Бүйен өзенінің бойында серуендетіп, тау беткейінің гранитті алқабын­дағы табиғат ескерткіштерімен таныстыруға мүмкіндік мол. Сонымен қатар Баянжүрек тауының беткейінде тұрып туристер Бүркітті Бүйен , Орта Бүйен, Тасты Бүйен, Ақсу өзендерінің аңғарын, Қаратау, Жаманкөл, Қора тауларының солтүстік беткейінің әсем көрінісі мен тау мұздақтарын, табиғат кешендерінің алмасуын көріп тамашалай алады. Сол күні лагерьді үш Бүйеннің бір-біріне құяр сағасында орналастыруға болады. Ал үшінші күні Бүйен өзенінің Оңтүстік-Батысында, 5 шақырым қашықтықтағы Зәуре сайына дейін барып, Маман Тұрысбекұлының жайлауындағы ХІХ ғасырдың соңында салынған тасқорамен танысуға, қызықты әрі бай тарихты көрсету арқылы сауықтыру шараларын өткізіп, туризмді жалғастыруға мүмкіндік мол. Осылайша, саяхат барысында отандық және шетелдік туристер Жетісу Алатауының солтүстік бөлігінің жалпы ерекшелігімен, бірегейлігімен ерекшеленетін тарихи-археологиялық табиғат ескерткіштерімен танысып, рухани қажеттіліктерін өтеуге мүмкіндік алады, жанға жайлы саф ауасымен тыныстайды.
Халқымыз “Атың барда ел таны желіп жүріп, асың барда ел таны беріп жүріп” демекші, кенже қалып дер кезінде көңіл бөлінбеген туризмнен өткен жылы облыс бюджетіне 1,5 млрд. теңге қаржы түскен. Осы салада келушілерді қабылдаумен 311 туризм нысандары айналысса, оларға көрсетілетін қызмет ауқымы уақыт өткен сайын жақсаруда. Саяхатшыларға қажетті тауар өндірумен 167 мың адам айналысып, жаңа жұмыс орындары ашылған.
Мәселен, өткен жылы Алакөл, Балқаш көлдері, Бартоғай су қоймасы мен Талғар ауданында “Табаған” спорттық сауықтыру, “Ақбұлақ” демалыс орында­ры салынса, алдағы уақытта 30-дан астам туристік орындар Қапшағай, Алакөл, Балқаш, Іле Алатауының бөктері мен Жаркентте бой көтеріп, жыл мезгілдерінде тұтынушыны қабылдайтын болады. Осылайша, облыс көлемінде жылына 300 мың адам демалысын қызықты өткізсе, бұл облыс экономикасына пайда тигізетіні анық. Әрине, экономиканың тірегі, мүмкіндігі мол саланың әлі де толық қамтылмаған бағыты мен жүйесі бар екені түсінікті. Дейтұрғанмен, оның негізі, басым бағыты қолға алынғаны қуантады.

Шалқар рекреациялық демалыс аумағы

Демалыс аумағы орта таулық бедермен сипатталады. Шалқар көлi аралас және қарағай орманымен қоршалған, нысаны бойынша таға тәрiздi нысаны бар. Көлдiң оңтүстiк бөлiгiнде емдiк балшық бар. Шалқар көлiнiң суы өз құрамы бойынша Қара теңiз суына сәйкес келедi, терi ауруларын емдеу үшiн емдiк қасиетi бар. Объектiлердiң материалдық базасы қазiргi заман талаптарына жауап бермейдi. Осы заманғы туристiк кешен құрылысы үшiн инвестициялар тарту қажет, бұл демалушылардың сапалы туристiк қызметке деген сұранысын қанағаттандырар едi.

Имантау демалыс аумағы

Солтүстiктен оңтүстiкке 70 шақырымға, шығыстан батысқа 65 шақырымға созылған табиғи шұратты ұсынады. Оның негiзiн су қоймалары және Имантау көлiмен тау-орман массивi құрайды, ол шын мәнiнде өңiрде ең сұлу көлдердiң бiрi болып саналады. Көл суы тұщы. Көл ортасында жүрек түрiнде көркем, орманмен жабылған шағын арал. Көлдiң түбi тегiс. Оңтүстiк және солтүстiк жағынан жағалары құмды, оңтүстiк-батыс шығысынан — жартас. Ормандар көлдермен бiрлесе ерекше микроклимат жасайды. Бұнда бұғылар, елiктер, борсықтар, түлкiлер, тиiндер, құрлар, кекiлiктер және жануарлардың басқа түрлерi мекен етедi. Котелок шоқысы, «Казачий» аралы, «Буян» шатқалы — табиғат ескерткiштерi өзiне жергiлiктi тұрғындар мен демалушыларды қайталанбас сұлулығымен тартады. Көлге қол жетiмдiлiк оңай, жолдардың көлiк торабы демалыс аумағын Чистополье селосымен, әрi қарай Есiл с., Торғай с., Володар с., Қостанай қ., Челябi қ., Көкшетау қ., Омбы қ., Түмен қ., Новосiбiр қ. байланыстырады. Имантау демалыс аумағы «Көкшетау» мемлекеттiк ұлттық табиғи саябағының Арықбалық өңiрлiк бөлiмшесiне жатады, оның балансына 100 орындық екi ғимараты және 40 орындық асханасымен маусымдық типтегi «Имантау» демалыс базасы жатады. Жазғы уақытта Имантау көлiнде «Қарлығаш» балалар сауықтыру лагерi жұмыс iстейдi. «Экос» қорының экотуризм жөнiндегi халықаралық бағдарламасы аясында Имантау селосында жергiлiктi тұрғындармен шетел туристерiн қабылдау үшiн 12-15 адамдық топқа 4 селолық қонақ үйi дайындалған, тарих және табиғат ескерткiштерiне туристiк бағыттар әзiрленген.

Сергеев суқоймасы


«Сардоник» қорығы Шал ақын ауданының әкімшілік орталығы Сергеевкадан 40 шақырым жерде орналасқан. Аудан орталығы Сергеевканың атағын шығарған -оның суқоймасы. Бұл суқойма Есіл өзенінің бойымен Сергеевкадан Куприяновкаға дейін 100 – шақырымдай жерді алып жатыр. Су бетінің ауданы – 117 шаршы шақырым, ал ең үлкен тереңдігі 20-метрдей. Мұнда су туризмінің түрлерімен жағажайлық демалыс орындарын дамытуға мүмкіншіліктер бар. Шал ақын ауданы орманды-дала аймағында орналасқан. Шудасай, Бағанаты және Иман Борлық деген Есілдің ғажайып салалары бар. Бұл жерде 100-ге тарта кішірек көлдер кездеседі. Кіші Торанғұл және Козловское көлдері балықтың молшылығымен аты шыққан. Мәдени – ағарту саласында: белгілі жазушы – Зейнел – Ғаби Иманбаевтың, ақындар – Ахметжан Нұртазиннің және Ермек Қонарбаевтың мұражайларын. Бектеңіз археологиялық ескерткіштерінің қорғандарын, Сергеев суқоймасын, «Ольховая роща» атты шағын аймақта облыста сирек кездесетін өсімдіктерді, оның ішінде қара «ольханы» қызықтауға болады. Бұл аудан төрт қазақ академикгі: Евней Бөкетовтің, Аманжол Қошановтың, Қазез Ташеновтің, Мырзатай Серғалиевтің және ғарышкер - Александр Викторенконың отаны.
Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
Наш опрос
Вы расскажете о нашем сайте своим знакомым?
Всего ответов: 1009
Статистика

Онлайн всего: 8
Гостей: 5
Пользователей: 3
PedarEn, Dawsondab, mapedtug