Меню

Туризмнің тұрақты дамуының үлгісі

05.12.2016
1108
0
Туризмнің тұрақты дамуы – бұл ұзақ мерзімді кезеңге бағытталған
туризмнің дамуы. Бұл кезде туристік ресурстарды ұтымды қолдану мен жан-жақты серіктестік негізінде экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және мәдени даму мақсаттарын іске асыруда теңдікке қол жеткізіледі, барлық мүдделілердің (туристердің, дестинацияларды қабылдайтындар және бағыттайтындар, жергілікті халық) қызығушылықтары ескеріледі.
Тұрақты туризм – қоршаған орта ресурстарының ұтымды қолданылуы,
қабылдайтын қоғамдастықтардың әлеуметік-мәдени ерекшеліктеріне қолдау көрсету қамтамасыз етілетін туризм түрі. Мұнда ұзақ мерзімді экономикалық үрдістердің тиімділігі мен тіршілік қабілеті қамтамыз етіледі, ал туризм дамуынан түсетін қаражаттардың бір бөлігі туристік ресурстарды қалпына келтіруге және туристік қызметтер өндірісінің технологияларын жетілдіруге бағытталады.
Туризмдегі тұрақтылық – туризмнің экологиялық, әлеуметтік-мәдени және экономикалық әсерлерінің жалпы оңтайлы теңдігін, сондай-ақ келушілер мен жергілікті тұрғындардың бір-біріне оң әсерін ескереді.
Қазіргі таңда әлемдік нарыққа шығу үшін бір өнім мен бір сала емес, бір кәсіпорындардың жетістігі онымен байланысты басқа кәсіпорындардың жетістікке жетуіне себеп болатын, сондай-ақ нарықтағы бәсекелестікте үлкен жетістікке жетуге кедергі болатын ортақ проблемаларды шешуге бірігетін үлкен кешен қажет. Көбінесе, бұл кешен бірнеше мамандандырылған жеткізушілермен, техникалық тізбекпен байланысқан негізгі өндірушілер мен тұтынушылардан тұрады.
Турбизнестік кәсіпорындар қызметіндегі бухгалтерлік есепті жетілдіруге байланысты жүргізілген ғылыми зерттеулер негізінде келесідей тұжырымдар мен ұсыныстарды жасауға болады:
1. Қазақстанның туристік қызметінде кіру туризмі мен ішкі туризмнен шығу туризмі артық болып, көптеген халықаралық туристік іс-шаралар жасалуда.
2. Туристердің көбінің негізгі мақсаты – рекреациялық,коммерциялық және іскерлік, хикаялық түрлерін тандау сияқты негізгі даму тенденциялары анықталды.
Сонымен бірге бухгалтерлік есеп пен аудит жекелеген бөлімшелер қызметіне бағдар беріп, фирманың ары қарай даму бағытын анықтайды.
Маркетингтік бағдар туристік фирма командасын біріктіріп, туристік бизнес философиясының негізгі идеясы болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы
2001 ж. 13 маусымдағы № 211-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
(2010.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен);
2. Туристік фирмалар қызметіндегі маркетингті жетілдіру (мақала) баспа «Евразийское сообщество», № 4, Алматы, 2009;
3. Азар В.И.,Туманов С.Ю. Экономика туристского рынка. М.,1998ж
4. Интернет желісі.
Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
Наш опрос
Вы расскажете о нашем сайте своим знакомым?
Всего ответов: 1002
Статистика

Онлайн всего: 10
Гостей: 5
Пользователей: 5
Алина115Non, uapedtug, Gabrielvieno, SarahCoaky, tapedtug