Меню
Главная » Статьи » Мұнай-газ

Аңсаған алаңының геологиялық құрылысы, мұнайгаздылығының болашағы және мұнай мен газ шоғырларын іздестіру жобасы
КІРІСПЕ

Есеп беріліп отырған жұмыс Орал-Волга өзенаралық бөлігінің батыс зонасындағы Басқынчак-Азгир төңерегінде ОГТ әдісімен сейсмикалық зерттеулер өткізудегі геологиялық тапсырмаға сәйкес, ПГО «Қазгеофизика» Атырау геофизикалық экспедициясымен келісім-шарт бойынша, «Запприкаспий-геофизика» тресінің күшімен орындалды. Тапсырма Атырау геофизикалық экспедициясының геологиялық барлау жұмыстарының объектілерінің жоспары негізінде оған қоса, хаттамада көрсетілгендей ЭПГ тресінің жұмыс жоспарымен келісіліп берілген.
Геологиялық тапсырмаларда зерттеулердің екі негізгі этапы көрсетілген. Бірінші этапта, 1989 жылы, Бұлақ-Кемер алаңында МОГТ профилінде желілерді детализациялау жұмысы объектіні терең бұрғылауға әзірлеу мақсаты жоспарланды. Екінші этапта, 1990 жылы, аз зерттелген, үлкен көлемдегі Басқынчак-Азгир зоналарында МОГТ профилінде іздеу желілерін жасау белгіленді. Территорияны рекогносцировкалау, тұз астындағы және тұз үстіндегі қабаттар кешенінде түзілімдер объектілерін табу мақсатында, болашақтағы мұнай және газ тұтқыштарын іздестірудегі пeрспективті көз қарасы.
Алайда, 1990 жылға «Заприкаспий» тресінің жұмыс көлемі мен ассигнованияның бірден артуы салдарынан, Атырау облысынан тыс өңірдегі геологиялық тапсырма өзгертілген. Одан зерттеудің екінші этапы, 1990 жылы Басқынчак-Азгир зонасы көлемінде жүргізілген іздеу жұмыстары (қосымша 1) алынып тасталынды. Сондықтан, осы беріліп отырған есеп тек қана 1989 жылғы Бұлақ-Кемер алаңындағы детализациялық түсірімдердің жұмыс нәтижелері бойынша жасалған.
Жұмыс ауданы қазіргі заманның геофизикалық әдістері мен бұрғылаулары бойынша аз зерттелген ауданға жатады. Сонымен қатар, 1983-1985 жылдары Волгоград НВНИИГГ геофизикалық экспедициясы жасаған сирек кездесетін рекогносцировалық кескіндер, тұзүсті түзілімдер комплексінде бірнеше перспективалық, көмірсутегілер тұтқыштарын іздеу объектілерін ашты. Олардың ішінде тұзды карниздер, тектониялық бұзылулар мен тұзды жарларға кіріп жатқан қабат аралық мұнай және газ тұтқыштары, күмбез аралық антиклиналилер бар. Осы объектілердің қазіргі заман
ғы бұрғылауға жататындығын және дамыған қайта өңдеу мен өндіру Астрахан газконденсатты комплексіне жақындығын ескеретін болсақ, бұл объектілер өте үлкен қызығушылық туғызады.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, «Заприкаспийгеофизика» тресінің алдына табылған тұз үсті объектілерін детализациялау мен оны іздестірудегі бұрғылауларға әзірлеу міндеттері қойылды. Жекелеп алғанда, осы жасалған есепте бор және юрск жасындағы түзілімдер кешені бойынша брахиоантиклиналь болып келетін Бұлақ-Кемердің күмбез аралық құрылымын бұрғылауға әзірлеу міндеті шешілді.
1989 жылы жүргізілген далалық жұмыстар көп кезекті кескіндеу (МОГТ) әдісі бойынша біротрядты партияның күшімен жасалынды. Орындалған далалық жұмыстардың көлемі – МОГТ кескінінде 220 км 24 рет қайталанады. Алынған материалдарды өңдеу мен интерпретациялау 1989-1990 жылдары ГПМО тресінің ЗПГ іске асырылды. Жұмыс қорытындысында Бұлақ-Кемер құрылымыныың антиклинальды көлемінде іздеу құбырларының тереңдегі қабатқа салынатыны туралы паспорты дайындалды.
Зерттелу алаңы әкімшілік бөлінулері бойынша Қазақстан Республикасының Атырау облысының Тенгиз ауданында орналасқан (1.1 сурет).
Жұмыс алаңы географиялық қатынас бойынша Каспий маңындағы ойыста, Орал-Волга өзен аралығының батыс бөлігінде жатыр. Зерттеулердің географиялық координаттары: 47052' c.к., 47021' ш.б. 48000 ' с.к. 47015' ш.б. 48006' c.к., 47028' ш.б.; 47058' c.к., 47035' ш.б.
Жұмысты жүргізудің календарлық мерзімі: далалық жұмыстардың басталуы – қыркүйек 1989 жыл, камеральдық жұмыстардың басталуы - қыркүйек 1989 жыл, камеральдық жұмыстың соңы – маусым 1990 жыл.
Категория: Мұнай-газ | Добавил: Admin (05.10.2011)
Просмотров: 485 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
Наш опрос
Вы расскажете о нашем сайте своим знакомым?
Всего ответов: 998
Статистика

Онлайн всего: 9
Гостей: 5
Пользователей: 4
BenEl, angeliack1, GembakMege, PeraturQuit