Меню
Главная » Статьи » Менеджмент

Ұйымдық мәдениет
КІРІСПЕ

Соңғы 20 жылда ұйымдық мәдениетпен қызығатындар саны өсуде. Бұл ұйым жұмысының эффективті және сәтті болуының себебі мәдениеттің әсер етуімен байланысты. 80-ші жылдардың басында өткізілген зерттеулерге көңіл аударатын болсақ, гүлденген компаниялардың ұйымдық мәдениеті жоғары деңгейде. Бұл ұйым рухын дамытуды, бағыттауды, алдын ала ойластырылған шаралар нәтижелерін қалыптастыруға байланысты.
Басқарушылар мен кеңес берушілер жиі корпоротивтік ұйым, корпоротивтік рух, корпоротивтік құндылық жүйесінің қалыптастырылуымен диагностикасы туралы сөз қозғайды.
Ұйымдық мәдениетті оқу – ұйымдық психологиядағы жаңа бағыт, дәстүрлі ұйымның әлеуметтік-психологиялық климат зерттеулерінің орнына берілген теория негізінде ұйымдық ғылымның негізгі мектептерінен радикальді ерекшеленетін алғышарттар жатыр.
Осы мәселе бойынша байсалды теоретикалық жұмыс ретінде ұйымдық психология облысындағы әйгілі американ маманы Э.Шейннің «Ұйымдық мәдениет және лидерлік» кітабын айтуға болады.
Сондай мәселелерге байланысты біздің дипломдық жұмысымызда туындады. Дипломдық жұмысымызды қарастыруды негізгі құрылымдарынан бастаймыз ба деген ойдамыз.
Бірінші ол біздің жұмысымыздың мақсаты - әр түрлі мәдени типтері бар ұйымдағы басқарушы мен жұмыскердің арасындағы өзара тұлға аралық қарым-қатынасты зерттеу. Осы алдыға қойылған мақсатқа жету үшін біз бірнеше міндеттерді белгілейміз:
1) Басқарушы мен жұмыскер арасындағы өзара қарым-қатынас мәселесін зерттеу;
2) Ұйымдық және корпоротивтік мәдениет мәселесіне көңіл аударған жұмыстарға теоретикалық анализ жасау;
3) Әр түрлі мәдени типтері бар ұйымдағы басқарушы мен жұмыскер арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктерін оқуда зерттеу жүргізу;
4) Жүргізілген зерттеулер бойынша алынған нәтижелерді өңдеп, талдау жүргізу.
Осы алдыға қойған мақсатымыздың қандай нәтижелер шығады деген ойларды болжап көрсетсек. Яғни, дәлірек айтқанда, келесі қарастыратынымыз дипломдық жұмыстың болжамы:
0. Басқарушы мен жұмыскер арасындағы қарым-қатынас стилі ұйымдық мәдени типтермен анықталады.
1. Тұлғалық және іскерлік сапалар корпоротивтік мәдениетпен анықталады.
Болжамды анықтаудың ендігі құрылымы бұл өзектілік. Яғни, неге біз осы тақырып бойынша жұмыс істейміз деген сұраққа жауап береміз. Өзектілік тұлға аралық қарым-қатынаспен, ұйымдық мәдениетпен бір деңгей сатысында қарастыруымыз.
Тағы да бір анықтап кететін жағдайымыз ол жұмыстың пәні мен объектісі.
Пәні – басқарушы мен жұмыскер арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктерін және осы ұйымдағы мәдениеттің қай типке жататындығын анықтау болып келеді.
Объектісі – ұйымдағы мәдениет типтері және ұйымдағы басқарушы мен жұмыскерлерді зерттеу.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығын ашатын болсақ – ол ұйымдық мәденитетті тұлға аралық қарым-қатынасты қарастыруымыз. Яғни, екеуін бірге тепе-теңдікте қарастырамыз. Осы жұмыс кімдер үшін ақпаратты, кімдер қолданыс таба алады, деген сұраққа да жауап береміз. Бұл жұмыс персонал бойынша менеджерлер, ұйымда жұмыс істейтін психологтар және басқарушылар үшін өте пайдалы және негізді. Қандай мәселелер бойынша екенін анықтап өтсек:
1. Конфликттілік жағдайларды танып анықтау үшін;
2. Ұйымда көлденең және тік коммуникацияны арттыру үшін;
3. Персоналды таңдау және іріктеу барысында пайдаланылады. Нәтижелер алынғаннан кейін соған байланысты іс-шаралар жүргізу: тәжірибелік, тренингтік бағдарламалар өңдеп шығару, таныстырмалы кітапшаларды өңдеп шығару, қосымша сабақтар жүргізу, басқарушы мен жұмыскерлердің білімін толықтыру.
Енді дипломдық жұмыс жалпы не туралы екенін айтып өтсек. Біздің қарастыратынымыз басқарушы мен жұмыскер арасындағы тұлға аралық ерекшеліктерін зерттеу. Адам мен адам арасындағы тұлға аралық қарым-қатынас туралы олар бір-бірлерін қалай қабылдайды, жалпы қатынас қалай жүреді және әлеуметтік статус қандай болмасын роль ойнай ма, осылардың психологиялық жақтарын қарастырып шығу.
Жалпы тұлға аралық қарым-қатынас ерекше құбылыс. Ол әлеуметтік факторлармен қалай шартталса, солай психологиялық факторлармен шартталады. Тұлға аралық қарым-қатынас ол ырықсыз байланыс. Және қатынас шынайы өмірде тіршілік ететін, ойлайтын және сезінетін индивидтер арасында болады. Сонымен қоса, тұлға аралық қарым-қатынаста субъективті факторларды жүзеге асырады. Бір әлеуметтік мәселеде өзіндік із қалдырады.
Ұйымдық мәдениет типтері ұйымға әсер ете ме, жоқ па, және ол қандай роль ойнайды, осыны анықтау. Корпоративтік мәдениетке теоретикалық анализ жасау. Бірінші мәдениетке сипаттама берсек. Жүріс-тұрыс пен құндылық жиынтығы. Ұйымдық мәдениет ішкі ортаға бағытталған және басты болып жұмыскер мен басшының жүріс-тұрысын көрсетеді.
Қысқаша түсініктеме екі негізгі тақырып бойынша, бұлар туралы сіздер бірінші бөлімде толығырақ таныса аласыздар.
Келесі қарастыратынымыз ол тәжірибелік жағы. Онда үш әдістемені қолданамыз: Лиридің «Тұлға аралық қатынас диагностикасы», Ф.Фидлердің «Мамандық бағдар» әдістемесі және Р.Куиннің «Ұйымдық мәдениет диагностикасы». Осы әдістемелердің нәтижелерімен математикалық анализ жасап, соған сүйеніп, жалпы талдау жасаймыз. Ал, осымен сіздерді біздің дипломдық жұмыспен жақынырақ танысуға шақырамыз.
Категория: Менеджмент | Добавил: Admin (03.10.2011)
Просмотров: 1898 | Рейтинг: 5.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
Наш опрос
Вы расскажете о нашем сайте своим знакомым?
Всего ответов: 1009
Статистика

Онлайн всего: 8
Гостей: 5
Пользователей: 3
mapedtug, PedarEn, ArokkhZilt