Меню
Главная » Статьи » Салық

Салық бақылауының дамуына талдау
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті өзінің 2007 жылғы халыққа жолдауында келесідей экономикалық проблемаларды айқындады. Қазақстан әлемдік тауарлар, қызметтер, еңбек ресурстары, капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар рыногының шын мәнінде ажырағысыз да серпінді бөлігіне айналуы үшін біз он басты міндетті шешуге тиіспіз.
Бірінші міндет – экономиканың тұрлаулы дамуын жай қамтамасыз етіп, ұстап тұру емес, оның өсуін басқару.
Бізге экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің тұрлаулы сипатын қамтамасыз ету үшін толымды стратегия әзірлеу мен іске асыру, сондай-ақ оның орындалуына қатаң бақылау қажет болады.
Бұл стратегия біздің экономикамыздың жекелеген секторлары мен өндірістерінің нақтылы бәсекелестік артықшылықтарын негізге алып, әлемдік даму үрдістері мен сыртқы рыноктардағы сұранысты ескеруге тиіс.
Бізге ендігі жерде “жинақталған” экономикалық өсуді жай пайдалану емес, осы өсуді нақты басқаруды үйрену, сөйтіп оны сапалық жаңа деңгейдегі экономикалық дамуға ұластыру керек.
Біз Қазақстанды индустрияландыруға халықаралық рыноктардың талаптары мен шарттарына сай келетіндей қағидаттық жаңа тұрғыдан келуді қамтамасыз етуге тиіспіз.
Аса ірі монополистерді қайта құрылымдау мен бәсекелестік қатынастарды дамыту есебінен біздің табиғи монополиялар аясын қысқартуымыз қажет.
Экономиканың табиғи монополиялар сақталатын секторларында бізге салалық реттегіштердің көмегімен тарифтік және техникалық реттеу жөнінде елеулі жұмыс жүргізуге тура келеді.
Ырықтандыру жағдайында біз қаржы жүйесінің тұрлаулылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың жаңа деңгейіне көтерілуге міндеттіміз.
Біздің тиімді жұмыс істейтін қор рыногын құруымыз керек. Оның дамуы халықты өз салымдарын бағалы қағаздарға белсенді инвестициялауға тартпайынша мүмкін емес.
Үкіметтің халықты инвестициялық сауаттылық әліппесіне тиісінше үйрету жөнінде кең ауқымды жұмыс жүргізуі керек.
Қазақстан үшін қолайлы шарттармен БСҰ-ға кіруі – біз қол жеткізуге міндетті мақсат.
Бізге халық
Категория: Салық | Добавил: Admin (06.10.2011)
Просмотров: 345 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
Наш опрос
Вы расскажете о нашем сайте своим знакомым?
Всего ответов: 1002
Статистика

Онлайн всего: 9
Гостей: 5
Пользователей: 4
uapedtug, Gabrielvieno, SarahCoaky, tapedtug