Меню
Главная » Статьи » Құқық

Қамаудың мәжбүрлеу шарасы ретіндегі ұғымы
Сын - пікір
Қылмыстық іс бойынша бар өндіріс анықтаушы, тергеуші, прокурор және соттың әртүрлі процессуалдық әрекеттер жасауынан және осы әрекеттерге байланысты процессуалдық шешімдер қабылдауынан тұрады. Бұл шешімдер мен әрекеттер әр кезде де басқа (азаматтардың, мекемелердің, ұйымдардың) құқықтары мен мүдделеріне өз әсерін тигізеді. Кейде олардың заңды құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыру барысында белгілі бір шектеуі мүмкін. Осыған байланысты қылмыстық – процессуалдық қызметті жүзеге асырушы мемлекеттік органдар әртүрлі сипаттағы күштеу ш
арасын қолдану өкілеттігіне ие. Осындай бұлтартпау шарасының ерекше түрі – қамау.
Қамауға алу бұлттартпау шарасы ретінде прокурордың санкциясымен не соттау шешімі бойынша ғана, тек заңмен екі жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген қылмыс жасағандығы үшін айыптаушыға (сезіктіге) қытасты қолданылады. Басқа бұлтартпау шарасына қарағанда қамау айыптаушы немесе сезіктінің конституциялық құқықтары мен бостандықтарына едєуір шек келтіреді. Сондықтан да оны қолдану үшін, мүмкін болатын процессуалдық қателіктердің алдын алу үшін ерекше сенімді кепілдіктер жүйесі қажет.
Жоғарыдағыларды ескерсек, Ж.Жұмабаеваның «Қамаудың мәжбүрлеу шарасы ретінде ұғымы» атты зерттеу жұмысын таңдап алу маңызды, әрі негізді.
Дипломдық жұмыс кіріспе, III тарау, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдап алудың негіздері, жұмыстың мақсаттары айқындалған.
Бірінші тарауда автор бұлтартпау шараларының жалпы сипаттамасы, яғни олардың түсінігі, негіздері, түрлерін қарастыған.
Екінші тарау қамауға алуға арналған. Мұнда қамауға алудың түсінігі, қамауға алу кезінде тұлғаға беретін кепілдіктер, қамауға алудың негіздері, шарттары және қамауға алуды жүзеге асыру барысында тергеушіге берілген өкілеттіктер зерттелген.
Дипломант үшінші тарауда қамауға алуды бұлтартпау шарасы ретінде қолдану кезіндегі прокурорлық қадағалаудан туралы жазған.
Ескерту ретінде автордың кейбір ұғымдарды ұзақ баяндағанын айтуға болады. Бұл аудармамен жұмыс жасау барысында кеткен кемшілік деп ойлаймын. Аталған ескерту дипломдық жұмыстың жетістігіне еш әсерін тигізбейді.
Қорытындыда автор тақырыпқа байланысты туындаған өз пікірлерін ұсынған. Жұмыстың теориялық базасы ретінде көрнекті процессуалист ғалымдар, А.П.Гуляев, В.В.Смирновтың еңбектері алынған. Практикалық материал ретінде Жанаарқа АІІБ ТБ іс-материалдары қолданылған.
Қорыта айтқанда, дипломдық жұмыс барлық қойылатын стандарттық талаптарға сай, мазмұны толық «өте жақсы» деп бағалауға лайық деген оймен қорғауға жіберіледі.
Категория: Құқық | Добавил: Admin (02.10.2011)
Просмотров: 503 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
Наш опрос
Вы расскажете о нашем сайте своим знакомым?
Всего ответов: 1002
Статистика

Онлайн всего: 6
Гостей: 3
Пользователей: 3
uapedtug, Gabrielvieno, tapedtug