Меню
Главная » Статьи » Құқық

Интерпол
Кіріспе

Зерттелетін тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерімен, сондай-ақ халықаралық қауымдастықтардың халықаралық сипаттағы қылмыстармен күресте мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдарының Халықаралық ұйымның қылмыстық полициясы - Интерполдың қызметін ұйымдастыру және үйлестіру мәселелері бойынша шарттасады.
Қазақстан Республикасының халықаралық қауымдастық контексінде тәуелсіз, егемен мемлекет ретіндегі мүдделері – бұл конституциялық құрылым, егемендік және аумақтық тұтастығының беріктігі, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау, мемлекеттік басқару органдарының тұрақты қызмет етуі, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді орындау және мемлекеттегі құқық тәртібін қолдау, сондай-ақ серіктестік негізінде халықаралық ынтымақтастықты болашақта дамыту.
Қазіргі таңда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларында болып жатқан өзгерістер есебінен трансұлттық қылмыстың қайта құрылымдану процесі жүріп жатыр, бұл ұйымдастыру-құқықтық нысанында тұрақты, материалдық-техникалық қатынасында қамтамасыз етілген, қылмыстық қауымдастықтағы басқарудың ыңғайлы желілі жүйесімен қайта қалыптасады.
Бұл барлық құбылыстар мен процестердің интенсификациясы уақытында, оның ішінде қылмыстар, аталған факторлар таза ұлттық құбылыс болып табылмайды. Олар ұлттық құбылыс шеңберінен шығып, интернационалдық құбылысқа айналады. Бұл жағдайда интернационалдық сегменттің маңызды элементтері мемлекеттің халықаралық сипаттағы қылмыстармен күресіндегі жалпы мүдделері болып табылады. Мұндағы айқын факті жеке алынған мемлекеттердің мүдделері халықаралық қауымдастықпен өзара қарым-қатынас негізінде қамтамасыз етілуі болып табылады. Әлемдегі ж
ағдай барлық қоғамдық процестердің жаһандануына байланысты өзгергендігін атап өту керек. Бұл, әрбір жеке алынған мемлекеттің жағдайының оңтайлы, жақсы болуы жалпы мүдделерді қамтамасыз етуге байланысты екендігін білдіреді.
Қазіргі күні кез келген қоғам алдында жеке мүдделерін жалпы мүдделермен келістіру міндеті тұр. Нью-Йоркте (2001 ж. 11 қараша), Мәскеуде (2002 ж. 23-26 қазан) және Солтүстік Осетияның Бесланда (2004 ж. 1-3 қыркүйек) болған оқиғалар көрсеткендей, халықаралық терроризмге әлемдегі ешқандай мемлекет жеке дара қарсы тұра алмайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тұжырымы бойынша, «әлемдік қауымдастық тек бірігеді немесе бірігуге талпынады, алайда бұл болғанға дейін… барлық мемлекеттің бірігуіне жәрдемдесетін ғаламдық құрылыстың әмбебап нысаны жоқ және болмайды… жаһанданудың барлық нысандарына қолданылатын тегіс бәрін қамтитын идеялар да, конструктивті механизм де болмайды» /1/. Шынында да, жаһандану қазіргі күні адамзаттың өркениеті үшін жаңа қауіп-қатер төндіреді, өте баяу әсер етеді және оның туындау себептерін жоюға бағытталған бара
бар шараларды қабылдамайды. Трансұлттық қылмыс, оның ішінде халықаралық терроризм, жаһандану нәтижесінде туындаған болып табылады.
Сондықтан халықаралық сипаттағы қылмыстармен күрес, ең алдымен, халықаралық қауымдастық мүдделерін қамтамасыз етуді талап етеді, өйткені халықаралық көлемде құқықтық тәртіп пен әрбір мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты. Бұл Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы – Интерполдың өз қызметін іске асыруда «идеология, технология және ғылымда өзгерістерге және ұлттыққа шектелмейтін айқын қауіпке қарамастан» /2/ Интерполға мүше мемлекеттердің орталық ұлттық бюро мүдделерін ескеруі қажет. Жалпы игілікке талпынуды халықарал
ық қатынастарда ғана қамтамасыз етуге болады. Осы уақытта халықаралық қатынастарда көбінесе өз азаматтарына қарсы, сондай-ақ бүкіл адамзат қауымдастығының мүдделеріне қарсы бағытталған ұлттық мүдделер ретінде жасырылатын шектен тыс индивидуализм фактілері кездесетінін ескеруіміз керек.
Халықаралық сипаттағы қылмыстармен байланысты туындайтын әлеуметтік құбылыстарға объективті келісті атай отырып, Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік пен халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз етуде маңызды үлес қосатындығын айтуға болады. Барлық әлемде бейбітшілік пен тыныштықты сақтай отырып, БҰҰ жетекші халықаралық ұйымдарында, оның ішінде Интерполға белсенді қатысады.
Жоғарыда аталған жағдайлардың негізінде, Интерпол қызметінің проблемалары мен даму болашақтары тақырыбы зерттеу үшін өзекті болып табылады.
Тақыр
Категория: Құқық | Добавил: Admin (02.10.2011)
Просмотров: 1015 | Рейтинг: 3.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Поиск
Наш опрос
Вы расскажете о нашем сайте своим знакомым?
Всего ответов: 998
Статистика

Онлайн всего: 9
Гостей: 5
Пользователей: 4
BenEl, angeliack1, GembakMege, PeraturQuit